Парамен ұсталғандардың мәселесімен жеке өзім айналысамын - Әділет министрі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының әділет министрі Марат Бекетаев Астана әділет департаментінде ұсталғандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл өте аянышты. 2017 жылы мұндай жағдай болмап еді, күтпеген жерден осылай болды. Өте қатаң шаралар қолданылады. Өзім айналысамын, осындай жағдайға қалайша жол берілгенін анықтаймыз. Мен мына жаңалықтан түңіліп отырмын», - деді министр бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Бұрын хабарланғанындай, елордалық әділет департаменті басшысының орынбасары Рауан Рамазанов пен басқарма бастығы Еркін Дәулетбаев 22 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар