Парамен ұсталған Әуезов театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләл 36 млн теңге төледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пара алып жатқан жерінен ұсталған М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләл мемлекетке 36 млн теңге төледі. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Ерлан Біләл сот үкімімен белгіленген 52,5 млн теңге айыппұлдың 36 млн теңгесін мемлекет қазынасына қайтарды. Оның адвокаты қалалық сот басшысының атына қалған 16,5 млн теңгені төлеуге 6 ай беруді сұрап өтініш жіберген», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, театр басшысы Ерлан Біләл биыл 4-қаңтарда пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын.

Судья Қуаныш Әріпов театр директорын айыпты деп тауып, пара көлемінен 35 есе жоғары көлемде айыппұл салды.

Ерлан Біләл 1 ай ішінде алған 1,5 млн теңгесін 52,2 млн теңге етіп қайтаруы тиіс еді.

Соңғы жаңалықтар