Паралимпиадашы шетелдегі жарыстан кейін із-түзсіз жоғалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Паралимпиадашы, шығыс жекпе-жегінің шебері сәуір айында шетелге жарысқа кеткеннен кейін өзінің қамқоршысы екеуі байланысқа шығуды тоқтатқан»,  - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Жігіттің ресми қамқоршысы болып келетін туыстарының бірі полицияға оның жоғалғандығы жайлы жүгінген.

«Спортшы ағымдағы жылдың сәуір айында жарысқа кетіп, із-түссіз жоғалған. Іздеу барысында шетелде ұйымдастырылған сайысқа джиу-джитсу бойынша қатысқаны, одан соң Алматыға оралып, жалдамалы пәтерде тұрғаны анықталды» - деп мәлім етті ІІД.

Жоғалған спортшы-мүгедек табылған және Алматы облысында туыстарына табысталды. «Қазір із-түссіз жоғалған деп есептелген азамат өзінің қамқоршысымен кездесті», - деп толықтырды полициядағылар.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес,  бүгінгі таңда аймақта із-түссіз жоғалғандардың орналасқан жерін анықтау және іздеу жарияланған қылмыскерлерді ұстау бойынша әрекеттер күшейтілген.

Айта кееткен жөн, іздеу шаралары барысында  із-түссіз жоғалған 7 адам табылды. Сондай-ақ, қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 12 адам ұсталған және полицияға жеткізілген. «Олардың бірі өткен жылдың шілде айынан бастап іздеу салынған 33 жасар Қарасай ауданының тұрғыны. Одан басқа, Алматы  тергеу оқшаулағышында облыстық полицияның іздеуінде жүрген, аймақта ірі алаяқтық жасаған 45 жастағы әйел табылды» - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар