Паралимпиада ойындарындағы сәтті көрсеткіші үшін Наталья Звягинцеваға 300 мың теңге табысталды - Қарағанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев мүмкіндігі шектеулі споршылармен және қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездесті.

Жүздесу барысында талқыланған басты тақырып, облысымыздағы мүгедек жандарды спортпен шұғылдануға тарту болды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі 59 мың адам тұрып жатыр, олардың бар болғаны 2,5 мыңы ғана тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Осыған қарамастан, қарағандылық спортшылардың түрлі жарыстарда мерейі өсіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукованың айтуынша, осы жылы қарағандылық спортшылар 15 республикалық жарысқа қатысып, 125 медаль жеңіп алған. Ал халықаралық дода 7 жарысқа қатысқан спортшылар 6 медальды қоржынға салған.

- Ағымдағы жылдың ең басты жетістігі, қозғалыс аппаратына зақым келген біздің спортшымыз Звянгинцева Натальяның Рио-де-Жанейро қаласында өткен 15 Жазғы Паралимпиада Ойындарына қатысуы. Бұл додаға әлемнің 179 мемлекетінен 4350 мүгедек-спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 11 спортшы қатысты. Наталья 100 м қашықтықты арқамен жүріп өтуде 7 орынға табан тіреді. Медаль саны бойынша Қазақстан 58 орынға тұрақтады (1 - алтын, 1 - күміс ), - деп атап өтті Наталья Сухорукова.

Паралимпиада ойындарындағы сәтті көрсеткіші үшін Наталья Звягинцеваға 300 мың теңгелік сертификат табысталды. Натальядан бөлек, әкімдік басшылығы таэквандо бойынша әлем чемпиондары Аян Абраш пен Валентина Антоненконы және Тынық мұхиттық Азия ойындарының жеңімпазы Виктор Фрундинге бағалы сыйлықтар берілді.

Кездесу барысында билік органдарының араласуын талап ететін өзекті мәселелер де көтерілді. Бұл - спортшыларды көлікпен қамтамасыз ету және спорттық жабдықтардың қолжетімді болуына оң жағдай жасау, дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерге спорттық жабдықтар бөлу. Бұл мәселелерді тыңдаған әкімнің орынбасары әлеуметтік сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

- Сіздерді келе жатқан Тұңғыш Президент Күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтағым келеді, облысымыздың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге алғыс айта отырып, зор денсаулық пен жеңіс тілеймін. Біз өз кезегімізде сіздер үшін оңтайлы жағдай қалыптастыруға жұмыс істейміз, - деп қортындылады Жандос Әбішев.

Соңғы жаңалықтар