Паралимпиада-2018: Колядин Николай Чеботькоға алғыс айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Александр Колядин Паралимпиадалық ойындарында жеңіс тұғырына көтеріліп, алтын медальмен марапатталды. Салтанатты марапаттаудан соң чемпион өз қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолдау білдірген қазақстандықтарға үлкен рахмет. Пхенчхандағы трасса өте ыңғайлы, жарыс жоғары деңгейде өтті. Николай Чеботькоға алғысым шексіз. Ол маған балшықта сырғанайтын шаңғы берді. Осының арқасында мен жеңіске жеттім», - деді Александр Колядин.

45 жастағы спортшы шаңғы спортымен 12 жасынан бастап айналыса бастаған. 1997 жылы қайғылы жағдайға душар болып 3 дәрежелі мүгедектік алды. Осыдан соң Александрға спорттан уақытша қол үзуге тура келген.

2013 жылы пара-шаңғы спортына келген, 2014 жылдан бастап  Василий Коломиецтің бапкерлігінде жаттығып келеді.

Александр Колядин 2014 жылы өткен Паралимпиада ойындарында да өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Қазақстан Паралимпиада ойындарының ұлттық құрамасы Пхенчхан-2018 Олимпиада ойындарында жалпыкомандалық есеп бойынша 13-орынға табан тіреді.

Бұған  шаңғышы Александр Колядиннің  1,5 км қашықтыққа спирнтерлік жүгіру бойынша Қазақстан қоржынына салған алғашқы «алтыны» септігін тигізді.

Жалпы есеп бойынша АҚШ құрамасы 8 алтын, 6 күміспен АҚШ алда келе жатыр. Барлығы 22 елдің спортшысы қазір медаль иегері атанып отыр.

Соңғы жаңалықтар