14:20, 14 Наурыз 2018 | GMT +6
Паралимпиада-2018: Қазақстан жалпы есепте 13-орынға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында шаңғышы Александр Колядин алтын медаль жеңіп алғағннан кейін, Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірден 13-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін ел қоржынына қысқы Параолимпиада тарихындағы алғашқы алтын медаль бұйырған болатын. Соның нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірден 13-ші орынға көтерілді.
Ал әзірге медальдар көрсеткіші бойынша АҚШ 8 алтын, 6 күміс, 6 қола медальмен көш бастап келеді. Ал Ресей құрамасы 6 алтын, 6 күміс, 4 қола медальмен екінші орында келе жатса, үздік үштікті Украина спортшылары түйіндеп тұр. Олардың еншісінде 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль бар.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тағы бір қазақстандық шаңғышы Александр Герлицке қола медальға сынық сүйем жетпей қалған болатын. Ол мәре сызығын жүлдегерлерден 43 секунд кейін басып өтіп, 4-ші орынға ие болды.
Фото: spv.sk