Параканоэші Жалғас Тайкенов - Қазақстан тарихындағы алғашқы Азия чемпионы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 жастағы Жалғас Тайкенов Қазақстандағы параканоэ тарихындағы алғашқы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ол қорытынды айналымда 200 метрлік KL-3 жіктелімінде ирандықты басып озып, алтын медаль иеленді. Құрлықтық біріншіліктің қола медалін тайлық спортшы қанжығасына байлады.
null 

Жарыс Тайландта өтті. Оған Азияның он елінен 75 атлет қатысты.

«Параканоэ Паразиаттық ойындар бағдарламасына кіреді. Жалғас 2018 жылы Индонезияда өтетін жарыстарға дайындалмақ», - деді Оңтүстік Қазақстан еспелі спорт түрі бойынша федерациясының президенті Денис Жарменов әлеуметтік желіде.

Жалғас Тайкенов Қазақстандағы осындай бағыттың алғашқы ашушысы. Қазір ол оңтүстікқазақстандық еспелі мектепе жаттығып жатыр. Жалғас бес жасында көлік апатына түсіп, салдарынан сол аяғынан айырылған. 

null null 

Соңғы жаңалықтар