Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -12 °С
Алматы: -3 °С
USD 319.32 EUR 396.28
RUB 5.66 CNY 50.34
Жаңалықтар

Пара алып сотталған Ерлан Біләл актер болып жұмыс істей бермек

2018 жылғы 15 ақпан 04:08 2343
Бөлісіңіз:
Пара алып сотталған Ерлан Біләл актер болып жұмыс істей бермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ерлан Біләл театрдың актерлер құрамында жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа басшысы Асхат Маемиров айтты, деп хабарлайды Алматы арнасы. 

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік кірістер департаментінің пара алған қызметкері жеңіл жазамен құтылды Парамен ұсталған Кентау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Бұған дейін ҚазАқпарат аталған театрға жаңа директор тағайындалғандығы туралы хабарлаған болатын

Асхат Маемиров жаңа қызметке тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін, ұлы тұлғалардың басына барып зиярат еткенін де жасырмады. Ал өнерде әріптес, өмірде досы театрдың бұрынғы  басшысы Ерлан Біләлдің қара шаңырақтың сахнасындағы жұмысын жалғастыра беретіндігін баса айтты. Өйткені, Ерлан Біләлден басқа актер сомдай алмайтын оның өзіндік  рөлдері бар.

«Ерлан осы театрдағы негізгі репертуарларды басты кейіпкерлерді сомдайды. Ол Мұхтар Әуезовтың «Абай жолындағы» Абай, оны Ерланнан басқа ешкім ойнай алмайды. Ол Дулат Исабековтың «Жау жүрегіндегі» Балуан Шолақ, Исраил Сапарбаевтың «Сыған серенадасындағы» Шәмші бейнесі, Әкім Таразидың «Ақын періште махаббаттағы» Мұқағали бейнесі. Ерланның бірінші Алла Тағала берген таланты, артистизм, кәсіби шеберлігі, нағыз өнердегі тұлға. Сондықтан тұлға театрдан бөлініп ешқайда кетпейді», - деді  Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры.

Еске сала кетейік, Алматыда М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының  бұрынғы директоры, белгілі актер Ерлан Біләл 1,5 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. 

Сондай-ақ, Ерлан Біләлға қатысты сот үкімі шықты. 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат