Пәкістаннан Астанаға жеміс-жидек жеткізіле бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық рефрижераторлық пойыз Пәкістанның Лахора қаласынан Астанаға жеміс-жидек жеткізе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

260 тонна мандарин тиеген рефрижераторлық контейнерлік пойызы Пәкістан-Иран-Түрікменстан-Қазақстан мемлекеттері аумағын, яғни 5 мың шақырым жолды 18 күнде жүріп өтті.

«Бұрын Пәкістаннан жеміс-жидектер автокөлікпен және теңіз көлігімен ұзақ жүретін. Әсіресе, теңіз арқылы 45 күн жүретін болса, ендігі жерде өнімдерді жеткізу мерзімі екі есеге қысқарды»,- дейді «KTZ Express» АҚ контейнерлік тасымалдау департаментінің директоры А. Кәрімов.

«Бұл бағдарды одан әрі меңгеріп, толық қуатында іске қосу үшін аптасына бір контейнерлік пойызды жасақтауды жоспарлап отырмыз»,-дейді ол.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, жаңа логистикалық қызмет түрі тез бұзылатын жеміс жидектерді белгілі температурада жеткізуге ықпал етеді. Олардың қатарында тоңазытылған көкөністер, жеміс-жидектер, медициналық және фармацевтикалық тауарлар бар.   

Соңғы жаңалықтар