Пәкістандық сарапшы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін атады

None
None
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат - Пәкістан Стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Халид Махмуд «ҚазАқпарат» ХАА-ның Пәкістандағы тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

- Айта кетейін, тура бір апта бұрын Қазақстанда Astana Club-2017 шараларына қатысып қайтып едім. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды, алдыңғы қатарлы сарапшыларға өңірдегі қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігін берді.

Қазақстан халқы үшін желтоқсан айының маңызы ерекше жоғары. Бұл айда екі бірдей мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні тойланады. Меніңше, бұл мейрамдар бір-бірімен тікелей байланысты. Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі Қазақстан тәуелсіздігін нығайтудағы қызметі орасан зор, - деді пәкістандық сарапшы.

Осы сәтті пайдалана отырып ол  бауырлас халықты алдағы мерекелермен құттықтады.

- Сіздің еліңіз саясатта, экономикада қол жеткізген жетістіктердің куәсі болып отырмын. Бұдан тыс, қазақстандықтардың, әсіресе жастардың өміріндегі рухани өзгерістер айқын байқалады. Жас қазақстандықтар ел жетістіктеріне қуанышты, - деді Халид Махмуд.

Сондай-ақ оның пікірінше, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы (2018 жылдың қаңтарында - «ҚазАқпарат» ХАА) республиканың халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайта түседі. Қазақстан Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін де сәтті өткізді.

- Бүгінгі таңда Пәкістан Қазақстанның дамуына ерекше ықыласпен көз тігіп отыр. Өйткені елдерімізді өңірдегі саяси мәселелер жөніндегі жалпы ұстанымдар, лаңкестікке қарсы күрес, дін және мәдениет секілді көптеген факторлар байланыстырып тұр, - дейді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар