Пәкістандағы ірі жол апаты: 17 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Хайрпур қаласындағы жол-көлік апаты салдарынан кем дегенде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті Geo TV телеарнасы.

Жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші автобусты басып озбақ болған кезінде рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан жүк көлігі жолаушылар тасымалдайтын автобустың үстіне аударылған.

Сондай-ақ, кем дегенде бес адам зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар