Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -19 °С
Алматы: -7 °С
USD 335.05 EUR 395.12
RUB 5.66 CNY 50.64
Жаңалықтар

Пәкістанда матамен ғана қоршалған мектеп ашылды

2017 жылғы 13 қазан 03:57 768
Поделиться:
Пәкістанда матамен ғана қоршалған мектеп ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан тегін мектеп Пәкістанда өзгелерге үлгі боларлықтай игі іс қолға алынды. Елдің ең ірі қаласы Карачиде тегін мектеп жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Онда тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары оқиды. Әзірге ұл-қыздар ғимараттың ішінде емес, көше бойында білім алуға мәжбүр. Көлік қозғалысы мен өзгелер кедергі етпес үшін оқу орны матамен қоршалған. Соған қарамастан еріктілер шәкірттерінің ынтасы зор екенін айтады. Негізі Пәкістанның өзге қалаларында да осындай жобалар іске қосылған екен. Сөйтіп қазір 200 мың бала тегін білім алып отыр. Олардың тең жарымы: 5-16 жас аралығындағы қыздар.

«Ата-анам мені мектепке жібере алмайды. Өйткені отбасымызда бала көп. Пәтер жалдап тұрамыз. Сондықтан анам тегін мектеп туралы естіп, бірден мені сонда жіберді. Маған әсіресе урду тілін оқыған ұнайды. Болашақта әскерге барып, отан алдындағы міндетімді атқарғым келеді», - дейді оқушы Шагуфта Нафис.

Бастама туралы жоба авторы мектепті жаман істерден аулақ болу үшін ашқандығын жеткізді.

«Бізде оқитын балалардың көбі кезінде қайыр тілеген немесе қылмыспен айналысқан. Олар мұндай жаман істерден аулақ болу үшін мектеп аштық. Алайда жеткіншектерді арам ойларын іске асыру үшін пайдаланып келген қаскөйлер бізге барынша кедергі келтіруге тырысып жатыр», - деді жоба авторы Сейд Анфас Әли Шах Заиди.

 


Басты сөздер: Әлем, Білім,
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Мұрағат