Пәкістанда қазақстандық арнайы жасақтың жауынгерлік қабілеттілігі бағаланды

None
None
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат - Пәкістан астанасы Исламабадтан 150 шақырым жерде орналасқан Пабби қаласындағы Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің ұлттық лаңкестікке қарсы орталығының базасында «DOSTARYM-2017» Қазақстан және Пәкістан бірлескен әскери оқу-жаттығуларының ресми жабылу рәсімі өтті.



«ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің хабарлауынша, оған екі елдің 100-ден астам арнайы жасақ әскери қызметшісі қатысып, 70 әскери және арнайы техника жұмылдырылған.

Қазақстандық әскери қызметшілер екі апта бойы пәкістандық әріптестерімен лаңкестікке қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасты. «Достарым-2017» жиынының қорытынды кезеңінде Пәкістан армиясының басшылығына «Слаживание групп» топтық жаттығуларды қамтыған тактикалық арнайы дайындық көрсетілді.

Қазақстан-Пәкістан бірлескен әскери оқу жаттығуы аяқталған соң ПИР ҚК-нің лаңкестікке қарсы бөлімшесінің басшысы генерал Чирах Қазақстан әскери арнайы жасағының жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, Пәкістан тарапы бұдан кейін де әскери-саяси салада тәжірибе алмасуға әзір екенін білдірді.



Соңғы жаңалықтар