Пәкістан премьер-министрі сыбайлас жемқорлыққа байланысты биліктен шеттетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Жоғарғы соты жұма күні үкімет басшысы мен оның отбасына қатысты сыбайлас жемқорлық әрекеттерін тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша елдің премьер-министрі Наваз Шарифті лауазымынан шеттету туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады ТАСС Dawn газетіне сілтеме жасап.

Сот 2016 жылғы сәуірде панамалық заң фирмаларының біріндегі құжаттардың жариялануына байланысты тергеу шараларын бастаған. Құжаттардағы деректер бойынша, Наваз Шаривтің екі ұлы мен қызы британдық Виргин Аралдарында тіркелген жасырын үш офшорлық компанияны иеленген.

Соңғы жаңалықтар