Пакьяо Головкинмен кездесу үшін салмағын көтеруге дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиндік кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяоның бапкері Фредди Роуч Dontae's Boxing Nation басылымына берген сұхбатында өз шәкіртінің қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкін екендігі жайлы айтқан, деп жазады Спорт.кз.

«Пакьяо - Головкин кездесуі ме? Егер ол 154 фунт салмақта өтетін болса, ешқандай қиындық жоқ. Мен келісемін. Мэнни қажет салмақты қоса алады деп ойлаймын», - деді Роуч.

Бұған дейін Голвкиннің бапкері Абель Санчес те екеуінің кездесуі аталған салмақта өтуі мүмкін екендігін айтқан болатын.

37 жастағы Мэнни Пакьяо кәсібқой рингте 66 (58-6-2) кездесу өткізген. Бүгін ол америкалық Джесси Варгаспен айқасқа түседі. 

Соңғы жаңалықтар