Өзін зорлау оқиғасын ойдан шығарған қарағандылық қыз 2 жылға сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өзін зорлады деп жалған сөйлеген 21 жастағы қарағандылық 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

21 жастағы қыз құрбыларымен қыдырып жүріп, хабарсыз кеткен. Өзін іздеген туыстарының қоңырауларына да жауап қатпаған. 10 күн өткеннен кейін ол өзін белгісіз біреулер алдап қонақ үйге апарып, зорлағандығын айтып полицияға арыз берген.

Тіркеуге алынған істің ақ-қарасын тергеуге алған құқық қорғау органдары оның жалған ақпарат екендігін анықтады.

«Айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы. Көрінеу жалған сөз жеткізу бойынша кінәлі деп танылды. Оған жылына 200 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарта отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Қазыбекби аудандық сотының судьясы Жанат Егембердиева.

Судьяның айтуына қарағанда, сотталушы жергілікті атқарушы орган анықтаған орындарда жұмысқа жегіліп, жазасын өтемек.

Соңғы жаңалықтар