Өзбекстанның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 10 наурызда жаңа елші өз дипломатиялық миссиясын бастау үшін Астанаға келді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары болып қызмет еткен.

Саидикрам Ниязходжаевтың негізгі мамандығы инженер-құрылысшы, Сыртқы істер министрлігіне дейін ол Өзбекстан Республикасы Президентінің аппаратында, үкіметтік құрылымдарда лауазымды қызметтер атқарған. Мемлекеттік кеңесшінің орынбасары, экономика министрінің орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар