Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры тұтқындалды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның бұрынғы бас Прокуроры Рашитджон Кадиров пара алды деген күдікпен тұтқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨР-ның Бас прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасы бұрынғы бас прокурор Р.Кадировқа қатысты ӨР ҚК-нің 165, 205, 210 баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталмыш баптар бопсалау, пара алу және лауазымын асырау пайдалану сияқты айыптарды қарастырады.

ӨР Бас прокуратурасының мәлімдемесі бойынша, Р.Кадиров 23 ақпанда Өзбекстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 221 бабы бойынша тұтқындалды.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар