Өзбекстанның алтын-валюта қоры ұлғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның алтын-валюта қоры 2017 жылы 1,4 миллиард долларға артты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Өзбекстанның Орталық банкіне сілтеме жасап.

2017 жылдың қорытындылары бойынша, таза алтын-валюта қорының көлемі 26,6 миллиард долларды құрады.

Орталық банк төрағасының бірінші орынбасары Тимур Ишметовтің айтуынша, оған өткен жылғы күзден бері 750 миллион доллар қосылған. 2017 жылдың екінші жартысында ақша-несие саясатын өзгерткен маңызды макроэкономикалық факторлардың бірі валюта саясатының ырықтандырылуы болды.

Қолданылған шаралар 2017 жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда, қыркүйек-желтоқсан айларында банктердің шетелдік валюта сату-сатып алу бойынша жүргізген орташа айлық операцияларының тұрақты түрде артуына жағдай жасаған. Нақтырақ айтқанда, заңды тұлғалардың шетелдік валютаны сатып алу көрсеткіші 60%-ға, ал сату көлемі төрт есеге артқан.

Қыркүйектегі девальвациядан кейін шетелдік валютаны Өзбекстан ұлттық валютасына айырбастау бағамы біршама тұрақтанды: 1 АҚШ долларының орташа бағамы 8049-8138 сум төңірегінде сақталды.

Соңғы жаңалықтар