Өзбекстанға қарсы матч: Бүгін рингке Данияр Елеусінов шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында бокстан Қазақстан, Ресей және Өзбекстан ұлттық құрамаларының қатысуымен кездесулер өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, сағат 10:30 кезінде Қазақстан мен Өзбекстан былғары қолғап шеберлерінің арасында жекпе-жектер өтеді. Ал сағат 16:00-де біздің боксшылар  ресейлік қарсыластарымен сынға түседі. Атап айтқанда, үш ел құрамаларын қамтып отырған бұл турнир алдағы дүйсенбіде аяқталатын болады. 

Сонымен, бүгін шаршы алаңға шығатын Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары: 49 келіге дейін: Ержан Жомарт - Аброрбек Абдусаламов; 52 келіге дейін: Азат Махметов - Абдулло Кучкаров; 56 келіге дейін: Қайрат Ералиев - Баходир Баратов; 60 келіге дейін: Саматәлі Төлтаев - Сулаймон Латипов; 64 келіге дейін: Қуан Қуатов - Жавохир Собиров; 69 келіге дейін: Данияр Елеусінов - Фуркат Шамуратов; 75 келіге дейін: Ерік Әлжанов - Фанат Кахромонов; 81 келіге дейін: Бек Нұрмағамбет - Дильшод Рустемов, 91 келіге дейін: Нұрбол Алтаев - Жамшид Абдуллаев. 91 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай - Профсор Роримша.
Бұдан бөлек, түстен кейін сайысқа түсетін Қазақстан мен Ресей боксшылары:  49 келіге дейін: Жандос Несіпжан -  Батор Салагуев;

52 келіге дейін: Анвар Мұзапаров-Тамир Галанов;

56 келіге дейін: Абылай Сайлаубеков - Руслан Белоусов; 

60 келіге дейін: Ертұрған Зейнуллин - Альберт Батырғазиев;

64 келіге дейін: Рай Сейітжанов - Павел Федоров; 

69 келіге дейін: Али Акедилов - Влад Савастьянов;

75 келіге дейін: Абай Төлеш - Дмитрий Нестеров;
81 келіге дейін; Ердос Нұрқали - Георгий Кушиташвили;

91 келіге дейін: Василий Левит - Муслим Гаджимагомедов;

91 келіден жоғары:  Қамшыбек Қоңқабаев - Влад Муравин. 

Соңғы жаңалықтар