Өзбекстандағы президенттік сайлауда 100 мың адам мерзімінен бұрын дауыс берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы президенттік сайлауда 115 мыңға жуық адам мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды « Интерфакс».

Мерзімінен бұрын дауыс беру  сайлаудан он күн бұрын - 24 қарашада басталып, 2 желтоқсанда аяқталды.

Орталық сайлау комиссиясының деректеріне қарағанда, сайлауда 21,5 миллионға жуық сайлаушы дауыс беруі тиіс.

Еске сала кетсек, Өзбекстан президентін сайлау 4 желтоқсанда өтеді.

Өз кандидаттарын  төрт саяси партия тіркеді. Кәсіпкерлер мен іскер адамдар қозғалысы -Өзбекстанның Либеральдық-демократиялық партиясы президенттіке мемлекет басшысы міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевті,

"Миллий тикланиш" демократиялық партиясы - парламенттің төменгі палатасы спикерінің орынбасары Сарвар Отамурадовты, Өзбекстан Халықтық-демократиялық партиясы  және "Адолат" Социал-демократиялық партиясы өз көшбасшылары  - Хотамжон Кетмонов пен Наримон Умаровты тіркеді.

Соңғы жаңалықтар