Өзбекстандағы Президент сайлауына 59 қазақстандық байқаушы қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 4 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы болды, бұл сайлау халықаралық қоғамдастық тарапынан зор қызығушылық туғызды, деп хабарлайды ҚР ОСК баспасөз қызметінен.

Сайлауға ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымынан, Дүниежүзілік сайлау органдарының қауымдастығынан және Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, сондай-ақ 46 мемлекеттен 548 халықаралық байқаушы аккредиттелді.

null  

59 байқаушыдан тұрған қазақстандық делегация, оның ішінде Ортсайлауком Төрағасы Б. Имашев, Ортсайлауком мүшесі М. Сәрсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Ф. Каратаев, К. Ержан және Қазақстан өңірлерінің өкілдері, ең көп құрамды делегациялардың бірі болды.

Қазақстандық байқаушылар Өзбекстан астанасымен қатар өңірлерінде де президенттік сайлауды байқауға белсенді қатысты, сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, учаскелік сайлау комиссияларының біліктілігін, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын атап өтті.   

null 

Соңғы жаңалықтар