Өзбекстанда жаңа министрлік құрылды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қаулысымен Инновациялық даму жөніндегі жаңа министрлік құрылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі ӨР президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің басты міндеттерінің бірі ғылымның, жоғары технологиялар мен қазіргі инновациялық әзірлемелердің жетістіктерін іс жүзіне асыру болып табылады.

«Біздің берекелі еліміз жерасты және жерүсті байлықтарына, адами ресурстарға, біліктілігі жоғары мамандарға бай. Дегенмен, өкінішке қарай, осынау мол мүмкіндіктер тиімді әрі орынды пайдаланылмай келеді», - деп атап өтті Шавкат Мирзиёев Өзбекстанда жаңа министрліктің құрылуына байланысты.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 27 қарашасында ӨР президенті «ӨР Министрлер кабинетінің қызметін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулыға қол қойған болатын. Аталған құжатқа сәйкес, елдің атқарушы билігі қайта құрылды, жаңа кешендер мен министрліктер пайда болды. ӨР Министрлер кабинетіне инвестициялар, инвестициялық даму, еркін экономикалық аймақтар мен шағын өнеркәсіп аймақтарының қызметін үйлестіру мәселелері жөніндегі кешен басшылары және білім беру, денсаулық сақтау, экология және дене тәрбиесі кешенінің басшысы лауазымдары енгізілді.

 

 

Соңғы жаңалықтар