Өзбекстанда сайлау алды тыныштық күні орнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда дауыс беруге бір күн қалғанда сайлауалды үгіт-насихат науқаны тоқтатылды, деп хабарлайды gazeta.uz.

Өзбекстанда Президенттікке үміткерлердің сайлауалды науқаны тоқтатылып, «үнсіздік күні» орнады. 4 желтоқсан күні болатын дауыс беруге бір күн қалғанда, яғни 3 желтоқсан сағат 00:00-де БАҚ және басқа да құралдарды пайдаланатын сайлауалды науқанын жүргізуге тыйым салынған.

Билік «үнсіздік күніне» дейін үміткерлердің жарнамаларын алып тастауды міндеттейді: үгіттейтін баспа материалдары, парақшалар мен плакаттар. Тек Орталық сайлау комиссиясының үміткерлердің өмірбаяны жазылған ақпараттық материалдарға рұқсат етілген, себебі ол сайлауалды үгіт-насихатқа еш қатысы жоқ деп танылған.

Тыныштық  күні үміткерлердің сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге шақыруларына жол берілген. 

Соңғы жаңалықтар