Өзбекстанда Наурыз мерекесін тойлау басталды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда Ұлыстың ұлы күні Наурызға орай салтанатты шаралар, ойын-сауықтар басталып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Өзбекстандағы меншікті тілшісі.

Алғашқылар қатарында Ташкент облысының Қазақстанмен шектесіп жатқан Шыназ ауданы мерекені бастады. Ауданда негізінен өзбектер, қазақтар, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері тұрады.

Шыназдықтар биыл Наурызға ерекше дайындалды. Ойын-сауық өтіп жатқан орталық стадион мерекеге сай етіп безендірілді. Халық музыкалық аспаптарының даусы жаңғырып, сумалак, хәлім, көксамса сияқты ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер қонақтарға тартылды.
null 

Аудан әкімдігі дайындаған музыкалық және көркемдік композициялар табиғаттың оянуы мен көптен күткен көктемнің келгенін баяндағандай.

Шыназ ауданының әкімі Акмалхан Мәдиев жиналған жұртты мерекемен құттықтады. «Шыназ ауданы Қазақстанмен шектесіп жатыр. Көпұлтты ауданымызда 30-дан астам ұлт және ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Олардың баршасы үшін Наурыз - ортақ ұлттық мейрам. Кеше ғана Қазақстанда Өзбекстан жылы басталғаны өте қуанышты оқиға болды. Соның арқасында бауырлас Қазақстанмен байланыстарымыз одан әрі нығая түсуде. Оған шыназдықтардың да қуанышында шек жоқ», - дейді әкім.

Наурызға арналған мерекелік бағдарлама аясында бокс, каратэ және күрестің кішкентай шеберлері өнер көрсетті.
null 

Ерекше айта кетерлігі, Сүтбұлақ ауылынан келген жас қазақ өнерпаздардың әсем билері мен құйқылжыта салған әндері жиналғандарды тамсандырды. Ал Наурызға арнайы тігілген аппақ киіз үйде қонақтарға ет, бауырсақ, наурызкөже секілді қазақтың ұлттық тағамдары тартылды.

null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар