Өзбекстанда халықаралық дәрежедегі спортшыларға өмір бойы ақшалай төлемақы беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгілі халықаралық спорт жарыстарынан жоғары көрсеткіштерге ие болып келе жатқан Өзбекстан спортшылары өмір бойы ай сайын ақшалай төлемақы берілетіні жөніндегі құжатқа қол қойды, деп хабарлайды podrobno.uz .

Олардың жаттықтырушыларына да бір реттік ақшалай сыйақы берілетін болады. Бұған қоса, Олимпиада және Параалимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына берілетін өмір бойғы ай сайынғы төлемақы мен олардың жаттықтырушыларына төленетін бір реттік сыйақыға жеке тұлғалардың табыс салығы салынбайды. 

Сонымен қатар, Олимпиада және Параалимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жылына бір рет өздеріне қолайлы уақытта елдегі шипажайлық-сауықтыру мекемелерінің қызметін тегін пайдалануға құқылы.

Соңғы жаңалықтар