Өзбекстанда Екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильм түсіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал өзбекстандық кинорежиссер Зульфикар Мусаков Екінші дүниежүзілік соғыс туралы кезекті фильмін түсіруге дайындалуда, деп хабарлайды Podrobno.uz .

«Берлин - Аққорған» атты киноның сценарийі  бүгін көркемдік кеңесте талқыланатын болады.

«Бұл үлкен екі сериялық киножобада тек соғыс жылдары емес, қазіргі күніміз де бейнеленеді. Фильмде 1930 жылдар, 1939 және 1942 жылдардағы оқиғалар қамтылады», - деді Мусаков.

Бұл киноға тек өзбекстандық актерлер емес, сондай-ақ шетелдік әртістер де түседі.  Мысалы, режиссердің сөзінше, Гитлердің рөлін германиялық актер Константин Ротов сомдайды. 

Сондай-ақ, ол бұл жұмыстың осы жылдың соңында жарық көретінін тілге тиек етті.

«Бұл тақырып мені қатты толғандырады, себебі қазіргі жастар Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы туралы мүлдем білмейді. Бұл соғыста 475 мың жерлесіміз қаза тауып, бір жарым миллионы мүгедек болып қайтып келді. Америкалықтарда өзбектерге қарағанда адам шығыны аз болды. Бұл нені білдіретінін білесіз бе?», - деді режиссер.

Оның айтуынша, бұл кино Екінші дүниежүзілік соғыстағы Өзбекстанның қосқан үлесіне арналады. 

Соңғы жаңалықтар