Өзбекстанда бензиннің бағасы бір деңгейде белгіленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда жанармай стансаларындағы бағаның тұрақсыздығы және делдалдар арқылы сатылуына қарсы шара ретінде бензиннің бағасы бір деңгейде белгіленді, деп хабарлайды gazeta.uz.

«Өзбекмұнайгаз» ұлттық холдинг компаниясы сенбі түнде жексенбіден бастап Өзбекстан аумағындағы ортақ бензин бағасын жария етті. Ол бұрынғысынан үштен бір есеге өскен. 

Компания «бензиннің жетіспеуіне, оған кезектің көбеюіне, Аи-80 маркалы бензиннің бағасының 2 075-3 000 сом аралағында өзгеруіне, Ташкенттен жанармайды өңірлерге апарып 5 000 сумнан саудалауға қатысты азаматтардың билікке шағымын назарға алғанын» мәлім етті.
«Осыған байланысты 23 қазаннан бастап Аи-80 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы литрінің бағасы 2 800 сум, Аи-91, 92, 93 - 3 000 сум, Аи-95 - 3 300 сум болып белгіленді», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар