Өзбекстанда әскери тікұшақ құлап, 9 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ферғана облысында Өзбекстан Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-171 тікұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 3 экипаж мүшесі мен бортта болған Өзбекстан Қарулы күштерінің 6 әскери қызметкері қаза тапты. Оқиға 18 қазан күні жоспарлық ұшу кезінде болды, деп хабарлайды UzDaily.uz елдің әскери ведомствосына сілтемемен.

«Апат себептерін анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Ел билігі қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Ми-171 - Ресейде жасалған азаматтық тасымалдаушы тікұшақ. Экипаж мүшесі 3 адам, 26 жолаушы тасымалдай алады.

Соңғы жаңалықтар