Өзбекстанда Ақтөбе облысының күндері өтеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Нөкіс қаласында Ақтөбе облысының күндері өтеді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен мәдени-танымдық шара күз айларына жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе тұрғындары көрші елдердегі қала, облыс орталықтарына жиі шығып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырады. Мәселен, Ресейдің Орынбор, Орск қалаларына барды. Биыл Өзбекстан, оның ішінде Қарақалпақстанның Нөкіс қаласына жол түсіп тұр. Ақтөбелік кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырып, өзара ынтымақтастық келісімшарттарына қол қояды деп жоспарланған.

«Биыл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен Өзбекстан, оның ішінде Қарақалпақстан Республикасының Нөкіс қаласына барамыз. Онда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Өнер адамдары ұлттық ән мен биден концерт қояды. Ал кәсіпкерлер тауар айналымын арттыру үшін серіктес іздейді. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған шара күз айларына жоспарланды»,- деді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.

Айта кетейік, Ақтөбеде өңіраралық кооперацияны дамыту бағытында жұмыс жүріп жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен жылы Ақтөбе облысы мен өзге өңірлер арасындағы тауар айналымы 16,4 миллииард теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар