Өзбекстан президенті Қазақстанның бірінші вице-премьерімен ынтымақтастық жобаларын талқылады
Өзбекстан басшысы стратегиялық серіктестік және сауда-экономика саласында өзбекстандық-қазақстандық қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудағы оң ықпалды атап өтті.
2016 жылдың қыркүйек айында екі ел басшыларының Самарқандтағы кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, бірқатар перспективалық жобалар бірлесіп жасалуда.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллардан асқан. Өзбекстанда 230-дан астам кәсіпорындар қызметі қазақстандық серіктестердің қатысуымен жүзеге асуда. Әдеттегідей, автокөлік және темір жол көлігі, әуе қатынастары саласындағы өзара әрекеттестік белсенді болып отыр.
Өзбекстан президенті екі елдің өңірлері арасындағы тығыз қарым-қатынасты орнату және нығайту қажеттігін, осы арқылы сауда байланыстары және мәдени алмасу мүмкіндіктері ашылатынын баса айтты.
Асқар Мамин жылы қарсы алғаны үшін Шавкат Мирзиёевке шын жүректен алғыс білдірді және Қазақстанның Өзбекстанмен кең ауқымды ынтымақтастыққа дайын екенін растады.