Өзбекстан Президенті кадрлық ауыс-түйіс жасады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев күш құрылымында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Газета.uz» сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасы басшысының ағымдағы жылғы 4 қыркүйектегі Жарлығымен елдің Ішкі істер министрі Абдусалом Азизов атқарып отырған қызметінен босатылып, Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін елдің Қорғаныс министрі лауызымында болған Кабул Бердиев ендігіде Өзбекстанның Қарулы күштері Академиясына басшылық етеді.

Онымен бір мезгілде Ішкі істер министрі қызметіне бұған дейін Хорезм облысының басшысы болған Пулат Бобожонов келді.

 

Соңғы жаңалықтар