Өзбекстан президенті елден ет экспорттауға салынған тыйымды алып тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев етті экспорттауға салынған тыйымды алып тастады. Мемлекет басшысы мұндай жарлыққа 4 мамыр күні қол қойды, деп хабарлайды podrobno.uz .

Жарлыққа сәйкес, бұрын экспорттауға тыйым салынған ет және қосалқы ет тағамдары өнімдерін президенттің немесе Өзбекстан үкіметінің шешімімен сыртқа шығаруға рұқсат етіледі.

Экспорттауға тыйым салынған заттар мен өнімдердің тізіміне өзгерістер енгізілді. Соның нәтижесінде, ет және қосалқы ет тағамдары өнімдері (кодтары ТН ВЭД 0201-0210, 0204 13 990 9, 0207 14 990 9, 0210 99 800 0 кодтары бойынша тауық сирақтарынан басқа) президент немесе үкіметтің шешімі негізінде экспортталады.

Бұрын тек үй құстары тағамдық қосымша өнімдерін (0207 53 000) сыртқа шығаруға рұқсат етілген болса, ет және қосалқы ет тағамдары өнімдерін экспорттауға тыйым салынған еді. 

Соңғы жаңалықтар