Өзбекстан мен Түркия құны 2 млрд доллар болатын келісім жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан мен Түркия 2 млрд доллардың жобаларын жүзеге асыру жөніндегі келісім жасасты. Бұл туралы бейсенбі күні сауда-экономикалық ынтымақтастық және өзбек-түрік бизнес-форумы жөніндегі үкіметаралық комиссияның төртінші отырысын қорытындылаған Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Рустам Азимов хабарлады, деп жазды gazeta.uz.

Екіжақты құжаттар туризм, тоқыма, электротехника, фармацевтика, құрылыс және банк салалары жобаларын жүзеге асыруды қарастырады. 2016 жылдың нәтижесі бойынша өзара тауар айналымы 1,2 млрд долларды құраған, оның 709 млн доллары Өзбекстанан Түркияға жасалған экспорт көрсеткіші.

Биылғы жылы тауар айналымын 1,4 млрд долларға дейін арттыру мақсаты көзделіп отыр. Өзбекстан премьер-министрі тікелей көлік байланысының жақсарып келе жатқандығының және оның өте маңызды екендігін атап өтті.

«Жыл соңындағы Баку - Тбилиси - Карс бағытындағы теміржолдың ашылуы Өзбекстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық байланыстың дамуына берік негіз болады», - деді ол.

Сондай-ақ, өзара серіктестіктің басты бағыттарының бірі - туризм саласы. Өзбекстанның тарихи қалаларындағы заманауи қонақ үй кешендернің құрылысы, туризм инфрақұрылымдары және осы сала мамандарын даярлау бойынша түрік компанияларымен келісімдер жасалды.
Түркияның экономика министрі Нихат Зайбекчи өзбек әріптестерден Түркия азаматтары үшін виза тәртібін жеңілдетуін сұрады.

Соңғы жаңалықтар