Өзбекстан мен Тәжікстан ортақ шекараны минадан тазартатын бірлескен топ құрды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан мен Тәжікстан екі мемлекеттің шекарасының миналанған учаскелерін тазарту мақсатында бірлескен топ құрды, деп хабарлайды «Kabar» агенттігі.

Тәжік билігінің мәліметтеріне сүйенсек, екі мемлекеттің ортақ шекараларын минадан тазарту жұмыстары 2018 жылғы мамырдың орталарына жоспарланған.

Тәжікстанның Мина мәселелері жөніндегі ұлттық орталығының директоры Мухаббат Ибрахимзада бірлескен топтың мина қойылған жерлерді тазартуға дайындалып жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Тәжікстанға алғашқы ресми сапары кезінде екі мемлекеттің басшылары 2019 жылға  қарай ортақ шекараны минадан тазарту жұмыстарын аяқтауға келіскен болатын.

Тәжікстанның Мина мәселелері жөніндегі ұлттық орталығының мәліметтеріне қарағанда, соңғы жиырма жылда мина жарылысынан 800 адам зардап шеккен.

Соңғы жаңалықтар