Өзбекстан криптовалюта нарығын құқықтық жолмен реттегелі жатыр

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін электрондық ақшаны құқықтық жолмен реттеуді қарастыратын заң жобасын дайындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сонымен қатар, құжатта ӨР президенті Шавкат Мирзиеев  Mirzo Ulugbek Innovation орталығы жанынан  «блокчейн» технологиясы бойынша арнайы орталық құру жөніндегі ұсынысты мақұлдағаны айтылады. Орталықтың мақсаты - «блокчейн» технологиясының мүмкіндіктерін пайдаланып, аталмыш  технологияны игерген отандық мамандарға қолдау көрсету.

Сонымен бірге, ӨР президенті қолма-қол ақшасыз төлем технологиясы мен PayPal, Alipay, Visa және Mastercard сияқты халықаралық жүйелерді дамытуға күш салу жөнінде тапсырма берді. Аталған бағыттағы жұмыстар 2018 жылдың 1 маусымына жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар