Өзбекстан елшілігі Алматыдан Астанаға көшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Өзбекстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, сонын ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген екі ел көшбасшыларының уағдаластықтарын іске асыру барысын талқылады.

«С.Ниязходжаев министрге Өзбекстан елшілігінің Алматыдан Астанаға көшуі жөнінде қабылданған шешім туралы айтып, дипломатиялық өкілдік ғимараты кешенінің құрылысы басталғаны жөнінде ақпараттандырды. Тараптар сондай-ақ алдағы түрлі деңгейдегі екіжақты байланыстардың және Орталық Азиядағы халықаралық іс-шаралардың кестесін қарастырды», - делінген баспасөз баянында. 

Соңғы жаңалықтар