Өзбекстан азаматы Ақтөбеде екі жыл бойы құлдықта болған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының тұрғыны екі азаматты құлдықта ұстап келген. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адам еңбегі қаналып, өміріне қауіп төнді. 52 жастағы Өзбекстан азаматы мен 43 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны екі жылдан бері ауылда мал баққан, үй шаруасын істеген. Алғашында үй салдыру үшін ауылға апарып, кейін ақысын төлемей, ұрып-соғып екеуін де алып қалған. Қашып құтылмақ болған кезде қайта тауып алып, шаруашылыққа жеткізіп отырған.

«Екі адамды құлдықты ұстаған күдікті облыстағы ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі болып шықты. Қазір осы оқиғаға қатысты «Адам саудасы» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Күдікті Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу абақтысында қамауда отыр. Бұл факті «Заңсыз келуші» алдын алу шарасы кезінде анықталды. Жедел ақпарат ізімен облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсу күрес басқармасы барып, тексерді»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұргүл Қонақбаева. 

Соңғы жаңалықтар