Өзбек кәсіпкерлері бірлесіп жиһаз шығаруды қалайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев осы елдің Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Адxам Икрамовпен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Өзбекстан президенттері көтерген бастамаларды іске асырып, үш жылдан кейін екі жақты сауда айналымын 5 млрд долларға дейін жеткізу жайы сөз болды. Осы орайда елші Өтембаев бірлескен жобаларды қолға алуды ұсынды. Мәселен, екі елдің кәсіпкерлері кластерлік, яғни нақты бір салада ортақ өндірістерді аша алады. Тараптар текстиль өнеркәсібі, xимия, агроxимия, сондай-ақ құрылыс материалдары бойынша бірлесіп жұмыс жасау мәселесін қарастыруға келісті.

Ал көрші елдің өкілі Адxам Икрамов өзбек кәсіпкерлерінің орманды өңдеу мен бірлескен жиһаз кәсіпорындарын құруға құлшыныс танытып отырғанын жекізді. Осының бәрін ескере отырып, екі жақ жақын арада нақты жобалар бойынша ұсыныс даярлауды ұйғарды. Өзбекстан өз кәсіпкерлерінің тізімін ұсынады. Қазақстандық бизнесмендер болса, одан өз әріптестерін таңдай алады.

Соңғы жаңалықтар