Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -40 °С
Алматы: -16 °С
USD 324.65 EUR 397.66
RUB 5.74 CNY 50.73
Жаңалықтар

Өзбек азаматын ұрлаған ОҚО-ның бес тұрғыны қамауға алынды

2017 жылғы 10 қараша 19:06 3007
Поделиться:
Өзбек азаматын ұрлаған ОҚО-ның бес тұрғыны қамауға алынды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында өзбек азаматын ұрлап, ақша талап еткендер ұсталды. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының 25-28 жастағы  бес тұрғыны қамауда отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұсталған күдіктілер  өзбек  азаматын ұрлап, туыстарынан 350 мың теңге ақша талап еткен. Оқиға Іле ауданындағы Қараой ауылында болды. Өзбек азаматы құрылыс нысанында бригадир болып жұмыс істеген. Оны бес жігіт күштеп көлікке отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен.

«Жедел іздестіру шарасы барысында жәбірленуші  Қарасай ауданындағы жер үйлердің бірінде екені анықталды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Іле аудандық ІІБ-нің полицейлерімен бірлесіп, тұтқынға алынған азаматты босатты. Жәбірленуші туыстарына аман-есен оралды»,  - деді ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Қазір бес азамат ұсталды. Барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Олар  Алматы және Алматы облысының аумағындағы құрылыс нысандарында жалданып еңбек еткен. Аталған оқиғаға байланысты олардың үстінен бірден 3 бап («Адам ұрлау», «Бопсалау» және «Заңсыз бас бостандығынан айыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. 25-28 жастағы күдіктілер қамауда отыр.

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат