Өз қызын пышақтап тастаған қостанайлық шартты түрде сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мас күйінде туған қызына пышақ сұғып алған қостанайлық әйел шартты түрде сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Қостанай қаласында 7 қаңтар күні сағат 16:30-дар шамасында болған. 32 жастағы Л. Семенищева мас күйінде 13 жасар қызына пышақ салған. Ауыр дене жарақаттарын алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Л. Семенищев ҚР ҚК 63-бабына сәйкес айыпты деп танылып, 5 жылға шартты түрде сотталды. Осы уақыт аралығында оған пробациялық бақылау орнатылады. Ол «Алкогольді қолдану нәтижесіндегі психикалық ауытқуы, мінез-құлықтың бұзылулары синдромы» диагнозы бойынша мәжбүрлі түрде емделу шараларынан өтеді»,- деп хабарлады ведовствоның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, сот өз баласына пышақ салған 32 жастағы әйелді қамауға алуды санкциялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар