Отырарда жастардың «Алтыбақан» сауық кеші өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жастардың «Алтыбақан» сауық кеші өтті.  Елбасының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ауыл жастары қатысып, ән мен жырдан шашу шашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыстық салт-дәстүр және әдет-ғұрыптарды оқыту орталығы мен Отырар ауданы әкімдігі ұйымдастырылған шара Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өтті. Ауыл-аймақтан жиналған өнерпаздар дәстүрлі әндерді нақышына келтіре шырқап, жастар «Соқыр теке», «Жүзік салу», «Тобық», «Қошқар көтеру», «Ақ сүйек» секілді қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнады.
null 

Қонақтар алтыбақан аясында әсем ән мен сыңғырлаған күлкіге толы сауық кешті тамашалады.  Сауық кешке қатысқан жастар болса «Алтыбақан» рухани қуат, өнегелі тәрбие беретініне сенімді. 
null 

Кеште аудан әкімі Ерлан Айтаханов сөз сөйлеп, игі шараның маңызына тоқталып кетті. Сондай-ақ, алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.  Қатысушыларға отырарлықтардың кәдесыйын тарту етті.
null 

Кеш соңында Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова тамаша кештен алған әсерімен бөлісіп, жастар өнеріне алғысын білдірді.
null 

Соңғы жаңалықтар