Отырар ауданында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар экскурсияға аттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО Отырар ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 1 қазан - Қарттар мен мүгедектер күніне орай экскурсия ұйымдастырылды.

Мерейлі мереке қарсаңында өткізіліп отырған шара барысында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетіліп, олар экскурсия өтетін Шымкент қаласына сапарға шықты. Мерекелік көңіл күй сыйлаған шараға қатысқан  аудан әкімі Ерлан Айтаханов ардагерлерді құттықтап, биылғы  мереке ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.

«Қарттарға қамқорлық - біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет екенін айтты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар да халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталып отыр. Осының бірі - бүгінгі өткізілген іс-шара»,- деп атап өтті.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен жүргізілетін экскурсияда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар Шымкент қаласының көрікті жерлерін, Сайрам ауданындағы  «Ибрагим ата», «Абдул Азиз» баб, «Қарашаш ана», «Мірәлі баб» кесенелері мен  т.б. тарихи орындарды аралайды.

 

Соңғы жаңалықтар