«Отпан» кешенінде қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Отпан» тарихи мәдени кешенінде қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының Жарлығымен бекітілген «Алғыс күніне» орай облыс бойынша 1 наурыздан бастап «Асар - Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясының 2 кезеңі өтті. Нәтижесінде, 55 млн теңге жиналып, 6,5 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетілді. Олардың қатарында ауыр сырқатқа шалдыққан сәбилер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, қарттар үйіндегі қариялар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жалғыз басты аналар мен қамқоршысынан айырылған балалар бар», - деді облыс басшысы.

Сонымен қатар ол биыл алғаш рет өңірде «Отпан тау-рухани дәстүріміздің негізі» атты Амал мерекесі республикалық деңгейде тойланғанын атап өтті. Шараға еліміздің 9 облысындағы тарихи-мәдени кешендерінің шырақшыларының қатысуымен «бірлік» оты жағылды. Мәңгілік ел идеясын насихаттайтын ғылыми, мәдени көпшілік, спорттық, әлеуметтік деңгейдегі шараларға барлық аймақтан арнайы қонақтар шақырылып, тамашалады.

«Келесі жылы халықаралық дәрежеде өткізуге дайындықты қазірден бастаймыз. «Отпан» тарихи мәдени кешеніне қазақтың үш биіне ескерткіш орнаттық. Қазақ билеріне бірінші рет далада ескерткіш орнатылды. Бұл билеріміз бірліктің, елдіктің символы болғандығын да өздеріңіз жақсы білесіздер», - деді Ералы Тоғжанов.

Соңғы жаңалықтар