Өткен жеті айда Қазақстанда инфляция 3,8% болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан Республикасында инфляция 3,8%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Баға азық-түлік тауарларына өткен жеті айда (2017ж. шілде 2016ж. желтоқсанға) 4,6%, азық-түлік емес тауарларына - 3,5%, ақылы қызметтерге - 3,3%-ға өсті.

 

2017ж. шілде

2017ж. қаңтар-шілде 2016ж. қаңтар-шілдеге

2017ж.

маусымға

2016ж.

желтоқсанға

2016ж. шілдеге

2015ж.

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,1

3,8

7,1

12,6

7,6

Азық-түлік тауарлары

-0,5

4,6

8,6

14,7

9,4

Азық-түлік емес тауарлар

0,4

3,5

7,7

13,2

8,2

Ақылы қызметтер

0,5

3,3

4,7

9,6

4,8

Жылдың басынан (2017 ж. шілде 2016 ж. желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 47,4%, қой етіне - 11,5%, сиыр етіне - 10%, жаңадан жиналған көкөністерге - 9,1%-ға, жаңадан жиналған жемістерге,  консервіленген сүтке - 7%-дан, жылқы етіне - 6,2%, сары майға - 5,8%, мәйекті ірімшікке - 5,3%, кондитерлік өнімдерге - 4,9%-ға белгіленді. Қиярға 69,3%, қызанақ - 45%, жұмыртқа - 29,2%, қарақұмық жармасы - 16,4%, күнбағыс майы - 9,7%, тәтті бұрыш 6,3%-ға бағасы төмендеуі тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге, шыны және қыштан жасалған өнімдерге 5,3%-дан, тоқыма бұйымдарына - 3,8%, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына - 3,6%, тұрмыстық аспаптарға - 3,2%, жеке қолданатын тауарларға - 3,1%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, құрылыс материалдарына - 3%-дан құрады. Баллондағы сұйытылған газ 7,7%, дизель отыны - 7,4%, бензин - 5,1%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне 9,4%, құқық қызметтеріне - 7%, жеке көлiк құралдарын сақтандыруға - 6,8%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға - 4,9%-дан, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 2,8%, қоғамдық тамақтандыру - 2,6%-ға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 4,2%, қалааралық автобуспен - 4,4%, жолаушылардың әуе көлігімен - 16,9%-ға қымбаттады, ал темір жол көлігімен - 0,3%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 9,6%, орталықтан жылытуға - 7,3%, суық суға - 5,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 4,8%-ға, ыстық суға, электр энергиясына - 3,8%-дан, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 3,5%-ға жоғарылады.

«Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын  зерттеу материалдары негізінде есептеледі», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар