Отбасында жанжал шығарған маскүнемдерді қамау мерзімі ұзартылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Енді отбасында жанжал көтеретін маскүнемдерді қамауда ұстау уақыты 24 сағатқа созылады. Бұл туралы Мәжілісте «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырғаннан кейін ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отбасылық-тұрмыстық қатынастар тұрысында орын алатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ішкі істер органдарында 3 сағаттың орнына 24 сағат қамауда ұстау ұсынылып отыр. Бүгінде отбасында жалжал шығаратындар балалары үшінде қатер төндіреді. Мысалы, бізге ішімдікке масайған күйеуінің әрекетіне әйелі шағымданғаннан кейін, біз бұл жанжалды ішкі істер істер органдарына жеткіземіз. Алайда үш сағаттан кейін біз оны үйіне жіберуге мәжбүрміз. Сонымен қатар оған айыппұл салынады. Бірақ та бұл отағасы жұмыс істемейтін әрі ішімдікке салынған адам болса, онда бұл ауыртпалық тағы да бала-шағасының мойына түседі. Сондықтан әкімшілік қамауға алу шарасы ұсынылып, осы бап бойынша 24 сағатқа дейін ішкі істер органдарында ұстау ескерілген», - деді министрдің орынбасары.

Ерлан Тұрғымбаев осы тәртіппен қамауда ұстау, яғни уақыт мерзімін 3- тен 24 сағатқа дейін ұзарту маскүнемнің көршілеріне, отбасына қауіп төндірмеуіне қажетті қадам болып тұр.

«Өйткені үш сағаттан кейін босатылған осындай адамдар көбінесе ішімдіктен айықпайды және үйіне барған кезде бала-шағасының мазасын алады», - деді Е. Тұрғымбаев.

Сонымен қатар ол Ішкі істер министрлігі аталған құқық бұзушылық тұрғысында қамауда ұстауды 48 сағатқа дейін ұзартуды ұсынғанын атап өтті. Алайда жұмыс тобының шешімімен заң жобасына 24 сағат енгізілді.

«Қазіргі кезде ұсынылған мерзім әлі де талқыланады», - деді вице-министр. 

Соңғы жаңалықтар