Отандық вагондармен қамтамасыз ету деңгейі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпара - Жүк тасымалына отандық жаңа вагондар тартылып жатыр. Бұл туралы ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметіне қарағанда, 2016 жылдың қазан айынан вагондарды сатып алу ставкасын ішінара субсидиялау есебінен көмір мен кен тасымалдау үшін 1300 ашық вагон және транзиттік контейнерлік тасымалдар үшін 3 103 вагон шығару жөнінде шарттар бекітілді. Бұл мақсатқа шамамен 70 млрд теңге инвестиция тартылды.

«Сатып алынатын вагондар отандық кәсіпорындарда шығарылады. Жалпы, бұл бағыттағы шаралар теміржол машина жасау саласындағы 7 мың жұмыс орны бар 39 отандық компанияны жұмылдыруға жол ашты», - деді Дмитрий Потлов Инвестициялар және даму министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Белгілі болғандай,  2017 жылы «Тұлпар-Тальго» вагондарының 62 бірлігін сатып алу және 2018 жылы Астана - Лениногорск 375/376 пойызы құрамын жаңарту жоспарлануда. Жалпы алғанда «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» вагондарының шамамен 50 бірлігін жыл сайын сатып алады деп жоспарлануда.

Жеке тасымалдаушылар Министрлік алдындағы шарттық міндеттемелері аясында 2017 жылы 16 млрд  теңге инвестиция тартты және жолаушыларды тасымалдауға арналған 52 вагон сатып алды. Ол вагондар 43/44 Қостанай - Алматы, 327/328 Қостанай - Қарағанды, 621/622 Қостанай - Арқалык және 307/308 Жезқазған - Астана пойыздарының ескі вагондарын алмастырады.

Соңғы жаңалықтар