Отандық әскери қызметшілер еркін күрестен әлем чемпионатында екінші орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Македония астанасы Скопье қаласында әскери қызметшілер арасында 31-ші Әлем чемпионаты өтті, оған барлығы 34 елдің әскери қызметшісі қатысады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ефрейтор Елдос Әбікенов чемпионаттың қола жүлдегері атанды.  Шешуші кездесуде 61 келі салмақтағы қазақстандық әскери қызметші 8:6 есебімен әзірбайжандық Хасан Задты ойсырата жеңді.

86 келі салмақтағы кіші сержант Әділет Давлумбаев чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Финалда ол Шәміл Құдиямагомедовтен жеңіліп қалды. 

Сондай-ақ, Әлихан Жұмаев та күміс медальға қол жектізді. 97 келі салмақта шешуші кезеңде қазақстандық палуан ресейлік Абдусалам Гадисовтан жеңіліп қалды.

74 келі салмақтағы АОСК спорттық ротасының қатардағы жауынгері Нұрғали Жолаев ресейлік спортшыдан жеңіліс тапты.

Еркін күрестен сайыс қорытындысы бойынша, Қазақстан армияшылары жалпыкомандалық екінші орынды иеленді. Бірінші орынды Ресей Федерациясының құрамасы қанжығаласа, үшінші орынға Оңтүстік Корея табан тіреді.

Жақын арадағы екі күнде Македонияда грек-рим күресінен қызу тартыс өтеді. Онда спортшыларымыз жеті салмақтық дәрежеде ұсынылған. 

null 

Соңғы жаңалықтар