«Отан қорғаушылар» Қарағанды әкімі аппарат басшысын жұмыстан босатуды талап етуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Отан қорғаушылар» республикалық қоғамдық бірлестігі Қарағанды әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалған Нұра ауданы әкімінің 26 жастағы ұлын жұмыстан босатуды талап етуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі жоқ жас маманды қызметке тағайындау - асығыс қабылданған шешім деп есептейміз. Саясатта тәжірибесінің болмауы - келеңсіз нәтижелерге әкеп соғуы мүмкін. Осындай жауапты қызметке неліктен жас жігіт тағайындалады?», - дейді қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Әбілдә Әбдікәрімов.

26 жастағы Бақтияр Омарханов Қарағанды әкімінің аппараты басшысы лауазымына 9 ақпан күні тағайындалған еді. Оның әкесі - Нұра ауданының әкімі.

Республикалық қоғамдық бірлестік өз хатына жауап алуды талап етіп, сотқа шағымданды.

Әкімдік баспасөз қызметінен атап өткендей, әкімнің ұлында жасына қарамастан, атқарған қызметтері жөніндегі жақсы тізімі бар.

Бұл ретте, Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысы Жанат Ысқақов атышулы бұл тағайындауға қатысты түсінік берді.

«Қарағанды әкімі аппараты мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурстарында «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік қызмет орнына байқау жарияланғаны туралы хабарландыру ілінді. Бос қызметке жарияланған жалпы конкурсқа тек бір үміткер - Бақтияр Омарханов қатысты. Бірыңғай конкурс комиссиясы Омархановтың біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы шешім қабылдады. Ол әңгімелесуден өтті», - деп хабарлады Жанат Ысқақов. 
null 

Соңғы жаңалықтар