Осы уақытта республиканың 6 өңірінде жолдар жабық

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің алты өңірінде түрлі бағыттар бойынша автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

(Астана қ.)   

24 қаңтар сағат 20.00-ден бастап (бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулігі) республикалық маңыздағы «Астана-Көкшетау» автожолы, "Астана-Атбасар" күре жолы көліктің барлық түрлері үшін жабық.

(Ақмола облысы)

24 қаңтар сағат 20.00-ден бастап (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) «Астана-Петропавл» күре жолы (18-230 шақырым аралығы Астана қаласы - Щучинск қаласы), «Жақсы-Есіл-Бұзұлық» автожолы (0-82 шақырым аралығы, Жақсы ауылы - Бұзұлық ауылы), «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолы (232-260 шақырым аралығы,  Қостанай обл. аумағы - Сурган ауылы), «Жезқазған-Петропавл» тас жолы (377-595 шақырым аралығы, Қостанай обл. аумағы - СҚО), «Екатеринбург-Алматы» автожолы (856-1006 шақырым аралығы,  СҚО аумағы- Атбасар қ.) барлық автокөлік түрлеріне жабылды.

(Павлодар облысы)

23 қаңтар сағат 19.40-тан бастап «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ  телефонхатына сәйкес, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) облыстық маңыздағы «Шақат-Восточное-Шалдай» (0-121,6) автожолының учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды.

(Қарағанды облысы)

24 қаңтар сағат 11.35-тен бастап (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) «Ұлытау ауданы-Костанай обл. шекарасы» (136-252 шақырым аралығы, «Жезқазган-Петропавл» автожолы) бөлігінде барлық автокөлікке қозғалыс шектелді.

(Қостанай облысы)

24 қаңтар сағат 19.00-ден бастап (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолы (108-232 шақырым аралығы, Әулиекөл ауылынан- Ақмола облысының шекарасына дейін), А-16 "Жезқазған-Петропавл" күре жолы (252-377 шақырым аралығы, Қарағанды облысынын - Арқалық - Ақмола облысының шекарасына дейін) барлық автокөлікке жабық.

24 қаңтар сағат 19.00-ден бастап «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ телефонхатына сәйкес, (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) облыстық маңыздағы «Арқалық -Торғай» (0-288 шақырым аралығы, а/ж «Әулиекөл -Жолдама», 0-257 шақырым аралығы, а/ж «Қойбағар-Севастополь» 0-124 шақырым аралығы) автожол учаскесінде барлық көлік үшін қозғалыс тоқтатылды.

(Солтүстік Қазақстан облысы) 

25 қаңтардан бастап (күшті бұрқасын, 25 м/с-қа дейінгі жел) барлық бағыттар бойынша облыстық маңызы бар жолдар жабық.

Соңғы жаңалықтар